Заявка на обновление образовательной программы
"Жезқазған жоғары политехникалық колледжі" КМҚК направляет обновленную образовательную программу для размещения в Реестре технического и профессионального, послесреднего образования по специальности 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), квалификации/ям, 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы.
ID обновляемой ОП в Реестре: 146639 Реестр 2026
| № | Өзгерістер түрлері | ББ қолданыстағы редакциясы | ББ жаңартылған редакциясы | Өзгерістер пайызы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, кредиттердегі модульдің (пәннің) еңбек сыйымдылығының көлемін өзгерту | Жалпы білім беретін пәндер – 57 кредит; Жалпыға міндетті модуль – 23 кредит; Базалық модуль – 0 кредит; Кәсіби модуль – 134,5 кредит; Аралық аттестаттау – 13,5 кредит. | Жалпы білім беретін пәндер – 57 кредит; Жалпыға міндетті модуль – 19,5 кредит; Базалық модуль – 3,5 кредит; Кәсіби модуль – 136 кредит; Аралық аттестаттау – 12 кредит. | |
| 2 | Модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін өзгерту немесе қосу | Барлығы 161 оқу нәтижесі (ОН), оның ішінде: Жалпы білім беретін пәндер – 97 ОН; Жалпыға міндетті модульдер – 13 ОН; Базалық модульдер – 0 ОН; Кәсіптік модульдер – 51 ОН. | Оқыту нәтижелерінің (ОН) жалпы саны 175-ке жетті, оның ішінде: Жалпы білім беретін пәндер – 97 ОН; Жалпыға міндетті модульдер – 14 ОН; Базалық модуль – 4 ОН; Кәсіптік модульдер – 60 ОН. Тұжырымдары өзгертілген және толықтырылған оқыту нәтижелерінің саны – 54. Негізгі өзгерістер цифрлық құзыреттіліктерді дамытуға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге, ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге, алгоритмдеу және бағдарламалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, сүйемелдеу және тестілеу, деректер базаларымен жұмыс істеу, пайдаланушы интерфейстерін жобалау және бағдарламалық қосымшаларды әзірлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Кәсіптік модульдердің құрылымы қайта қаралып, мамандарды даярлаудың практикалық бағыты күшейтілді. | 31 |
| 3 | Құзыреттерді өзгерту | Барлығы 19 құзыреттілік. | Құзыреттіліктердің жалпы саны 20-ға жетті. Оның ішінде 6 құзыреттілік (Қ1, Қ2, Қ3, Қ4, Қ6, Қ7) мазмұндық өзгеріссіз сақталды, 13 құзыреттілік (Қ5, Қ8–Қ19) жаңартылып, толықтырылды және 1 жаңа дербес құзыреттілік (Қ20) енгізілді. Негізгі өзгерістер бағдарламалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және тестілеу, деректер базаларымен жұмыс істеу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу дағдыларын дамытуға бағытталған. | 70 |
| 4 | Мәтінді техникалық түзету | Модульдер, оқу нәтижелері мен құзыреттіліктер атауларының бастапқы тұжырымдары. | Орфографиялық, грамматикалық және редакциялық қателер түзетілді, нөмірлеу нақтыланды, индекстер мен терминдердің жазылуы біріздендірілді. 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша білім алушылардың кәсіби дағдыларын кеңейту мақсатында ҚР БҒМ 2018 жылғы 27 қыркүйектегі №500 бұйрығына сәйкес сабақтас 06120200 «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 3W06120201 «Бағдарламалық-аппараттық қорғау операторы» жұмысшы біліктілігі негізінде микробіліктілік таңдалды. Модульді әзірлеу барысында ҚР ҰКП «Атамекен» 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №222 бұйрығының 11-қосымшасымен бекітілген «Ақпараттық инфрақұрылым және АТ қауіпсіздігі жөніндегі кәсіби мамандар» кәсіптік стандарты пайдаланылып, еңбек функциялары 3-біліктілік деңгейіне бейімделді. Микробіліктілік ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған. |
Наличие лицензии по данной специальности: Бар
Руководитель: Аман Бота Мәлікаждарқызы
Исполнитель: Сарсенбаева Сандугаш Бокановна Сотовый телефон: 8771 3367029 Адрес электронной почты: sandu_250280@mail.ru