Нет данных
Нет данных
Нет данных
Нет данных
Лицензия НОВЫЙ.pdf
Заявка на обновление образовательной программы
Мұрат Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі КМҚК направляет обновленную образовательную программу для размещения в Реестре технического и профессионального, послесреднего образования по специальности 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, квалификации/ям, 3W07230102 Арнайы тігінші.
ID обновляемой ОП в Реестре: 18894 Реестр 2024
| № | Өзгерістер түрлері | ББ қолданыстағы редакциясы | ББ жаңартылған редакциясы | Өзгерістер пайызы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, кредиттердегі модульдің (пәннің) еңбек сыйымдылығының көлемін өзгерту | Базалық және кәсіптік модульдер блогы: 96 кредит (2304 сағат). Барлық 96 кредит кәсіптік модульдерге бөлінген. | Кәсіптік модульдерден базалық модуль бөлініп алынды: БМ 01 – 11 кредит (264 сағат). Кәсіптік модульдерге 85 кредит (2040 сағат) бөлінді. Блоктың жиынтығы – 96 кредит (2304 сағат). | |
| 2 | Модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін өзгерту немесе қосу | КМ саны – 6, ОН саны – 26. КМ 1. Тігін бұйымдарының құрылымдары мен өрнектерінің сызбаларын орындау және тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық, нормативтік және техникалық актілерді қолдану. 6 ОН, 10 кредит (240 сағат). Мазмұны: сызбаларды графикалық рәсімдеу, конструкторлық құжаттама, киім эскиздері мен базалық конструкциялар, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптары. ОН 1.1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі еңбек заңнамасының, өндірістік санитарлық, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. ОН 1.2. Технологиялық тәртіптің сақталуын және жабдықтарды пайдалану тәртібін бақылау. ОН 1.3. Техникалық сурет түрінде киім эскиздерін орындау. ОН 1.4. Тігін бұйымдарының базалық конструкцияларының сызбаларын әзірлеу. ОН 1.5. Базалық өрнектерді модельдік түрлендіру. ОН 1.6. Тігін бұйымдарының өрнектерін рәсімдеу. КМ 2. Жеке тапсырыс бойынша киім модельдерін тігу. 5 ОН, 16 кредит (384 сағат). Мазмұны: жеке тапсырыс бойынша бұйымдарды пішу, тігу, ылғалды-жылумен өңдеу, жөндеу және жаңарту. ОН 2.1. Бұйымдарды пішу және бөлшектерді кесу операцияларын орындау. ОН 2.2. Әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, тігудің технологиялық операцияларын орындау. ОН 2.3. Әр түрлі ассортименттегі киім модельдерін жеке тапсырыс бойынша тігу. ОН 2.4. Әр түрлі ассортименттегі бұйымдардың соңғы ылғалды-жылумен өңделуі мен әрлеуін орындау. ОН 2.5. Киімді жөндеу және жаңарту бойынша жұмыстарды орындау. КМ 3. Эскиздік графиканы пайдалана отырып, композиция заңдарына сәйкес киім үлгілерін әзірлеу. 4 ОН, 16 кредит (384 сағат). Мазмұны: костюм композициясы, графикалық эскиздер, киім модельдері мен конструкциялары. ОН 3.1. Композиция заңдылықтары бойынша киім модельдерін әзірлеу. ОН 3.2. Костюмдердің эскиздерін орындау және графикалық эскиздерді орындау. ОН 3.3. Тігін бұйымдарының заманауи түрлері мен конструкцияларын әзірлеу. ОН 3.4. Техникалық сурет түрінде киім эскиздерін орындау. КМ 4. Жеке тапсырыс бойынша киім бұйымдарын құрастыру. 4 ОН, 19 кредит (456 сағат). Мазмұны: модельдік конструкциялар, техникалық модельдеу, дене бітіміне сәйкес конструкцияны өзгерту, әртүрлі материалдардан жасалған бұйымдардың конструкциялары. ОН 4.1. Әртүрлі пішілген бұйымдардың модельдік конструкцияларының сызбаларын әзірлеу. ОН 4.2. Киімдердің кеуде, жең, жаға және белдерінің техникалық модельдеуін орындау. ОН 4.3. Тапсырыс берушінің дене бітімі мен сымбатының ерекшеліктерін ескере отырып конструкцияға өзгеріс енгізу. ОН 4.4. Былғарыдан, теріден және трикотаждан жасалған бұйымдардың конструкцияларын әзірлеу. КМ 5. Тігін бұйымдарына арналған материалдардың сапасын бақылау. 3 ОН, 16 кредит (384 сағат). Мазмұны: материалдар мен талшықтардың құрылысы, тоқыма материалдарының өндірісі, галантериялық әрлеуіштер. ОН 5.1. Материалдар мен талшықтарының құрылымын, құрамын талдау. ОН 5.2. Тоқыма материалдарын өндіру технологиясының негіздерін меңгеру. ОН 5.3. Тігін бұйымдарында қолданылатын галантериялық әрлеуіштер түрлерін меңгеру. КМ 6. Тігілген модельдер мен үлгілердің сапасын бақылау. 4 ОН, 19 кредит (456 сағат). Мазмұны: бұйымдарды дайындау сапасы, өңдеу мен әрлеу ақаулары, бөлшектер мен тораптардың сапасын бақылау. ОН 6.1. Әр түрлі ассортименттегі бұйымдардың әзірлену сапасына ішкі процестік бақылау жолдарын меңгеру. ОН 6.2. Әр түрлі ассортименттегі бұйымдарды өңдеу және түпкілікті әрлеу ақауларын анықтау және жою тәсілдерін меңгеру. ОН 6.3. Тігілген бұйым, бөлшек, түйіндердің сапасын тексеру. ОН 6.4. Әр түрлі ассортименттегі бұйымдарды өңдеу және түпкілікті әрлеу ақауларын жою. | БМ саны – 1, КМ саны – 5, ОН саны – 19. Модульдер мазмұны жұмыс орнын ұйымдастыру, жабдықтарды баптау, бөлшектерді пішу және өңдеу, бұйымдарды тігу, ылғалды-жылумен өңдеу, жөндеу және сапаны бақылау бағыттары бойынша қайта құрылымдалды. Бұрын жеке модульдерде берілген эскиздік графика, композиция және конструкция сызбаларын әзірлеуге бағытталған мазмұнның орнына тігіншінің өндірістік операцияларына бағытталған мазмұн енгізілді. БМ 01. Тігін өндірісінде жұмыс орнын ұйымдастыру және қауіпсіздік талаптарын сақтау. 4 ОН, 11 кредит (264 сағат). Мазмұнындағы өзгеріс: жұмыс орнын ұйымдастыру, құралдар мен жабдықтарды дайындау, еңбек қауіпсіздігі және материалдарды үнемдеу жеке базалық модульге біріктірілді. ОН 1.1. Орындалатын жұмысқа сәйкес жұмыс орнын ұйымдастырып, құралдар мен материалдарды дайындау. ОН 1.2. Тігін және үтіктеу жабдықтарының жарамдылығын тексеріп, оларды қауіпсіз пайдалануға дайындау. ОН 1.3. Жұмыс барысында еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау. ОН 1.4. Материал қалдықтарын сұрыптап, шикізат пен ресурстарды үнемді пайдалану. КМ 01. Тігін жабдықтарын баптау және негізгі тігістерді орындау. 3 ОН, 17 кредит (408 сағат). Мазмұнындағы өзгеріс: тігін машинасын дайындау, материалға сәйкес ине, жіп және тігіс параметрлерін таңдау, қол және машина тігістері, жабдықтың ұсақ ақаулары жеке модуль ретінде нақтыланды. ОН 1.1. Тігін машинасын жұмысқа дайындап, жіп, ине және тігіс параметрлерін материалға сәйкес таңдау. ОН 1.2. Бұйымды дайындауға қажетті қол және машина тігістерін орындау. ОН 1.3. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтап, өз құзыреті шегінде жою. КМ 02. Бұйым бөлшектерін пішу және өңдеу. 3 ОН, 16 кредит (384 сағат). Мазмұнындағы өзгеріс: үлгі мен лекало бойынша бөлшектерді орналастыру және пішу, қиықтар мен тораптарды өңдеу, бөлшектердің өлшемі мен симметриясын тексеру жұмыстары біріктірілді. ОН 2.1. Үлгі мен лекалоға сәйкес бөлшектерді материалға орналастырып, белгілеу және пішу. ОН 2.2. Бөлшектердің қиықтарын, ұсақ бөлшектерін және негізгі тораптарын технологиялық ретпен өңдеу. ОН 2.3. Өңделген бөлшектердің өлшемін, симметриясын және тігіс сапасын тексеру. КМ 03. Арнайы және тұрмыстық тігін бұйымдарын тігу. 3 ОН, 17 кредит (408 сағат). Мазмұнындағы өзгеріс: бұйым бөлшектерін технологиялық бірізділікпен біріктіру, өндірістік киімдер мен басқа бұйымдарды тігу, астар, төсем және фурнитураны орнату жұмыстары нақтыланды. ОН 3.1. Бұйым бөлшектерін белгіленген технологиялық бірізділікпен біріктіру. ОН 3.2. Өндірістік киімдер мен басқа тігін бұйымдарын үлгіге және тапсырыс талаптарына сәйкес тігу. ОН 3.3. Астарды, төсемді және фурнитураны бұйым конструкциясына сәйкес орнату. КМ 04. Бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеу және соңғы әрлеу. 3 ОН, 17 кредит (408 сағат). Мазмұнындағы өзгеріс: бұрын тігу модулінің құрамында берілген ылғалды-жылумен өңдеу жеке модульге бөлінді. Өңдеу режимдері, аралық және соңғы өңдеу жұмыстары нақтыланды. ОН 4.1. Материалға сәйкес ылғалды-жылумен өңдеу жабдығының режимін таңдау. ОН 4.2. Бөлшектер мен тораптарды тігу барысында ылғалды-жылумен өңдеу. ОН 4.3. Дайын бұйымға соңғы өңдеу жүргізіп, оны тазалау және ұсынуға дайындау. КМ 05. Тігін бұйымдарын жөндеу және сапасын бақылау. 3 ОН, 18 кредит (432 сағат). Мазмұнындағы өзгеріс: бұйымды жөндеу мен дайын өнімнің сапасын бақылау бір модульге біріктірілді. Ақауды анықтау, жөндеу тәсілін таңдау, бөлшектер мен фурнитураны ауыстыру және кемшіліктерді түзету жұмыстары нақтыланды. ОН 5.1. Бұйымның ақауын анықтап, материал мен конструкциясына сәйкес жөндеу тәсілін таңдау. ОН 5.2. Тігістерді, бөлшектерді және фурнитураны жөндеу немесе ауыстыру жұмыстарын орындау. ОН 5.3. Дайын бұйымның өлшемін, сыртқы түрін және тігіс сапасын тексеріп, анықталған кемшіліктерді түзету. Базалық және кәсіптік модульдер блогындағы ОН саны 26-дан 19-ға қысқарды. Модульдердің атаулары, мазмұны және ОН тұжырымдары қайта құрылымдалды. | 100 |
| 3 | Құзыреттерді өзгерту | Құзыреттер саны – 12. Қ 7 – Қ 12 индекстері алты кәсіптік модульге берілген. | Құзыреттер саны – 12. Қ 7 индексі БМ 01-ге, Қ 8 – Қ 12 индекстері бес кәсіптік модульге берілген. Құзыреттер тізімінің мәтіні жаңартылған файлда берілмеген. | 100 |
| 4 | Мәтінді техникалық түзету | - | - |
Наличие лицензии по данной специальности: Бар
Руководитель: Ахметов Болатбек Абиевич
Исполнитель: Нұрғали Камшат Жақсылыққызы Сотовый телефон: 87017605408 Адрес электронной почты: nurgali_k@kyus.kz