Заявка на обновление образовательной программы
РММ «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжіІ» направляет обновленную образовательную программу для размещения в Реестре технического и профессионального, послесреднего образования по специальности 01140500 Дене тәрбиесі және спорт, квалификации/ям, 4S01140503 Спорт жаттықтырушысы - оқытушы.
ID обновляемой ОП в Реестре: 22374 Реестр 2024
| № | Өзгерістер түрлері | ББ қолданыстағы редакциясы | ББ жаңартылған редакциясы | Өзгерістер пайызы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, кредиттердегі модульдің (пәннің) еңбек сыйымдылығының көлемін өзгерту | Жұмыс оқу жоспары модульдік-кредиттік негізде құрастырылған, жалпы білім беретін және кәсіптік даярлықтың құрылымдық мазмұнын, циклдар, курстар және пәндер бойынша оқу уақытының көлемін ашады, оқу мерзімдерін регламенттейді. Аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды. Оқу жүктемесін жоспарлау кезінде 1 кредит 24 сағатқа тең, аудиториялық (байланыс) сағаттар, Сағаттардың жалпы саны 206 кредитті (4944 сағат) құрайды. Оқу жоспарын жасау кезінде студенттердің қызығушылығы мен бейімділігін дамыту үшін негізгі және кәсіби модульдерге қосымша модульдер қосылды. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан, практикалардан тұрады және 1 қыркүйектен басталады және 28 маусымда аяқталады. Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде қысқы кезеңде – кемінде 2 аптаны құрайды. | 1. Негізгі модульдердің жалпы саны: 2. 2. Жалпы кредит саны: 150. 3. Оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай. 4. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жаттықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын, спорттық резервті және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын, спортшылардың жарыс қызметіне жетекшілік ететін, сондай-ақ білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында дене шынықтыру саласы бойынша сабақ беретін жаттықтырушы-оқытушыларды дайындау. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КӘСІБИ СТАНДАРТТАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ 1. Спорт жаттықтырушы-оқытушысы кәсіптік стандарты (СБШ 5-деңгейі): 1 – еңбек функциясы: Дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтардың мазмұнын жоспарлау. Дағды: Дене шынықтыру және спорт қызметін қалыптастыру. «Спорт жаттықтырушы-оқытушысы» кәсіптік стандарты (СБШ 5-деңгейі): 2 – еңбек функциясы: Дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтардың мазмұнын жоспарлау Дағды: Білім алушылардың дене шынықтырумен және спортпен айналысу мүмкіндіктерін анықтау (спорттық іріктеу және бағдарлау). Спорт жаттықтырушы-оқытушысы кәсіптік стандарты (СБШ 5-деңгейі): 3 – еңбек функциясы: Білім беру және спорт ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалардың мақсаттарына сәйкес іс-шараларды өткізу. Дағды: Жаттығу процесінің нәтижелерін есепке алу және талдау. Дағды: Спорттық жарыстарға, спорттық және дене шынықтыру іс-шараларына қатысуды ұйымдастыру. 2. Жаттықтырушы кәсіптік стандарты: 4 – еңбек функциясы: Жаттығу сабақтарының міндеттерін анықтау. 5 – еңбек функциясы: Шұғылданушыларды спорт түрлері (спорт түрлерінің тобы) бойынша даярлау. 3. Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттары 6 – еңбек функциясы: Білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептерді, колледждерді және БЖСМ-дерді қоса алғанда) оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру. | |
| 2 | Модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін өзгерту немесе қосу | БМ 00 Базалық модульдер БМ 01 Физикалық қабілеттерін дамыту және жетілдіру Дене тәрбиесі БМ 02 Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар БМ 03 Кәсіби қызмет саласында кәсіби Кәсіптік орыс тілі Кәсіптік шет (ағылшын) тілі БМ 04 Құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу Мемлекеттік тілде іс - қағаздарын жүргізу БМ 05 Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану Мәдениеттану Философия негіздері Құқық негіздері Саясаттану және әлеуметтану негіздері БМ06 Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану Экономика және кәсіпкерлік қызмет негіздері БМ 07 Қазақстанның қазіргі тарихын, әлемдік қоғамдастықтағы рөлі мен орнын түсіну Қазақстан тарихы КМ Өндірістік оқытуды қоса алғанда, кәсіптік модульдер Міндетті компонент КМ 01 Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін зерттеу Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері Педагогика Спорттық медицина КМ 02 Жеке тұлғаны қалыптастыру моделін құру Психология және спорт психологиясы Тәрбие жұмысының әдістемесі КМ 03 Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық шарттарды жобалау Дене тәрбиесі және спорт менеджменті Спорттық құрылымдар мен тренажерлар КМ 04 Білім алушылардың оқу-жаттығу қызметінің моделін құру Тандалған спорт түрінен жалпы және арнайы дене дайындығы Тандап алған спорт түрінің әдіс-тәсілдік дайындығы КМ 05 Білім алушылардың жеке және кәсіби әлеуетін (сапасын) ашу үшін жағдай жасау Биомеханика Биохимия Емдік дене шынықтыру және массаж КМ 06 Өз қызметін рефлексия және түзету жүргізу Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Тандалған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі Тандап алған спорт түрі бойынша спорттық шеберлігін жетілдіру Дене тәрбиесі және спорт акмеологиясы Тандалған спорт түрінен жатықтырушыны кәсіптік даярлау негіздері КМ07 Кәсіби қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен қарым-қатынас жасау Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары практикасы Білім алушының таңдауы бойынша практика Байқау практикасы Диплом алдындағы практика | Жалпы міндетті модулдер ЖММ 01. Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану ОН 1.1. Кәсіби қызметте цифрлық инфрақұрылым элементтерін, цифрлық платформалар мен цифрлық экономика технологияларын қолдану. ОН 1.2. Ақпаратты іздеу, өңдеу, талдау және ұсыну үшін деректерді, цифрлық сервистерді және жасанды интеллект құралдарын пайдалану. ОН 1.3. Ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық әдеп қағидаттарын сақтау. ОН 1.4. Заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып, цифрлық жобаны әзірлеу және ұсыну. ЖММ 02. Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану ОН 2.1. Практикалық міндеттерді шешу үшін экономикалық білім негіздерін меңгеру және оларды қолдану дағдыларын игеру. ОН 2.2. Әлемдік экономиканың даму үрдістерін және мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну. ОН 2.3. Жеке бюджетті жүргізу және негізделген қаржылық шешімдер қабылдау үшін қаржылық сауаттылық бойынша білімді қолдану. ОН 2.4. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздерін меңгеру. ЖММ 03. Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылым негіздерін қолдану ОН 3.1. Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтерді меңгеру. ОН 3.2. Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну. ОН 3.3. Толеранттылық пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыратын моральдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну. ОН 3.4. Әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі ұғымдарын меңгеру. Базалық модулдер (жалпы кәсіптік пәндер) БМ 01. Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастыру және әлеуетін диагностикалау ОН 1.1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін, әдістерін, формалары мен тәсілдерін меңгеру. ОН 1.2. Дене тәрбиесінің теориялық-әдістемелік негіздерін кәсіби іс-әрекетте қолдану. ОН 1.3. Мәдени-тарихи мұра құндылықтарын әртүрлі тарихи кезеңдердегі дене тәрбиесі жүйесіне кіріктіру. ОН 1.4. Білім алушылардың жеке әлеуетін, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін диагностикалау әдістерін қолдану. ОН 1.5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу кезінде инклюзивті білім беру технологияларын қолдану. БМ 02. Дене шынықтыру мен спортты медициналық-биологиялық қамтамасыз ету ОН 2.1. Жаттығу жүктемелерін модельдеу үшін адам организмі жүйелерінің анатомиялық-морфологиялық құрылымы мен өзара байланысы туралы білімді қолдану. ОН 2.2. Спортшы организмінің физикалық жүктемелерге бейімделуінің физиологиялық механизмдерін талдау. ОН 2.3. Спортшылардың жұмыс, демалыс және тамақтану режимдерін жоспарлау кезінде биохимиялық процестер мен бұлшықеттерді энергиямен қамтамасыз ету заңдылықтарын ескеру. ОН 2.4. Жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде биомеханикалық заңдылықтарды қолдану. ОН 2.5. Жаттығулардың гигиеналық жағдайларын, жарақаттанудың алдын алу шараларын қамтамасыз ету және шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Кәсіптік модулдер КМ 01. Спорттық қызметте функционалдық бақылауды және қалпына келтіру технологияларын қамтамасыз ету ОН 1.1 Медициналық көрсеткіштерді, қарсы көрсеткіштерді және білім алушылардың жеке жай-күйін ескере отырып, спорттық және қалпына келтіру массажының тәсілдерін орындау. ОН 1.2 Жеке денсаулық жағдайын ескере отырып, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіру, оңалту және арттыру үшін емдік дене шынықтыру әдістері мен құралдарын қолдану. ОН 1.3. Спортшының жағдайын бағалау және жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін спорттық медицина мен функционалдық диагностика әдістерін қолдану. КМ 02. Спорттық іріктеу технологияларын қолдану ОН 2.1. Таңдалған спорт түрінің теориялық-әдістемелік негіздерін кәсіби қызметте қолдану. ОН 2.2. Спортшылар мен білім алушыларды спорттық бағдарлау және спорттық іріктеу әдістемелерін таңдау. ОН 2.3. Білім алушыларды ғылыми негізделген іріктеу, спорттық бағдарлау және кешенді диагностикалау негізінде спорттық топтар мен секцияларды жасақтау. ОН 2.4. Білім алушылардың дене дайындығын бақылау нормативтері мен әдістемелерінің жүйесін пайдалану. КМ 03. Жаттығу процесін жоспарлау ОН 3.1. Шұғылданшыны даярлау бағдарламасының мақсаттары мен мазмұнына сүйене отырып, жалпы және арнайы дене дайындығының міндеттерін анықтау. ОН 3.2. Даярлық кезеңдері мен этаптары бойынша жаттығу жүктемелерінің жалпы ұзақтығын, көлемін, қарқындылығын және арақатынасын жоспарлау. Жаттығу сабақтарының жоспарларын және жаттығулардың дайындық деңгейін, жынысы мен жасын ескере отырып, жүктемелердің күнтізбелік кестелерін әзірлеу. ОН 3.4. Таңдалған спорт түрінен тиімді спорттық жаттығулар құралдары мен әдістерін таңдау. ОН 3.5. Жалпы және арнайы физикалық дене дайындық деңгейін арттыруға арналған жаттығулар кешенін құру. КМ 04. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру ОН 4.1. Дене жаттығуларының кешендерін орындау кезінде білім алушылардың оқу-жаттығу қызметін басқара отырып, жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығу сабақтарын өткізу. ОН 4.2. Экологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар талаптарын ескере отырып, спорттық жабдықтарды, мүліктерді және ғимараттарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету. ОН 4.3. Спорттық топтың (команданың) оқу-жаттығу қызметінің тиімділігін бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау. ОН 4.4. Тестілеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, спортшылардың физикалық , техникалық және тактикалық дайындығына кешенді бақылау жүргізу. КМ 05. Спорттық жарыстар мен дене шынықтыру іс-шараларына қатысу ОН 5.1. Спортшылардың (команданың) жарыс іс-шараларына қатысуын материалдық-техниқалық, құжаттамалық және допингке қарсы қамтамасыз етуді ұйымдастыру. ОН 5.2. Жарыс қызметі үдерісінде спортшылардың жағдайын бақылауды, жедел секундтауды және кешенді тактикалық басқаруды жүзеге асыру. ОН 5.3. Жарыс нәтижелеріне талдау жүргізу, есептік құжаттаманы ресімдеу және тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғау үшін төрешілер алқасымен өзара іс-қимыл жасау. КМ 06. Дене тәрбиесі үдерісінде оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру ОН 6.1. Оқу-жаттығу үдерісін кейіннен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді оқыту әдістері мен бағалау критерийлерін таңдау. ОН 6.2. Дене шынықтыру және спорттық дайындық бойынша оқу-жаттығу процесін және цифрлық оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді жүзеге асыру. ОН 6.3. Шұғылданушылардың нормативтерді тапсыру нәтижелері негізінде бірыңғай әдістемелік тақырып бойынша әдістемелік ұсынымдар мен жаттығулар жинақтарын әзірлеу. КМ 07. Білім беру және жаттығу үдерістерін ұйымдастыру және іске асыру ОН 7.1. Нормативтік-құқықтық және әдістемелік талаптар негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби қызметті ұйымдастыру. ОН 7.2. Оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, жаттықтыршы-оқытушының есептік оқу-әдістемелік құжаттамасын және портфолиосын қалыптастыру. ОН 7.3. Жалпы білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, дене шынықтыру мұғалімінің жұмыс бағдарламасын іске асыру. ОН 7.4. Спортшылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, спорт түрі бойынша спорттық дайындық бағдарламасын іске асыру. | 100 |
| 3 | Құзыреттерді өзгерту | Қ 1. Физикалық өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты көрсету, салауатты өмір салтына назар аудару. 2 Қ 2. Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану. 3 Қ 3. Құқықтық жүйе мен экономиканың негіздерін меңгеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құбылыстар саласында азаматтық ұстанымды көрсету. 4 Қ 4. Өзін және қоғамдағы өз орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдау. 5 Қ 5. Жеке тұлғаны дамытудың әртүрлі әдістерін үйрену, рухани-адамгершілік қалыптасуына ықпал ету. 6 Қ 6. Білім алушылардың кәсіби әлеуетін ашу, тұлғаның дамуының ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторларының әсерінен тұлғаның қалыптасу процесін түсіну. 7 Қ 7. Психологиялық әдістерді қолдана отырып, басқару, жаттығу түрлерін меңгеру. 8 Қ 8. Жеке тұлғаны қалыптастыру модельдерін, білім алушылардың оқу-жаттығу іс-әрекетінің модельдерін жасай білу. 9 Қ 9. Жаттығу сабақтарын өткізу, спорт үйірмелері мен секцияларын ұйымдастыру дағдыларын меңгеру. 10 Қ 10. Рефлексия жүргізу және өз қызметін түзету. 11 Қ 11. Оқыту сапасына мониторинг жүргізу. | К 1. Ақпаратты өңдеу, сақтау және қолдану тәсілдерін, интернетпен, электрондық поштамен жұмыс істеуді, жасанды интеллект технологияларын қолдану. К 2. Қаржылық және іскерлік сауаттылыққа қатысты білімді практикалық міндеттерді шешуде, қызметті жоспарлауда және экономикалық негізделген шешімдер қабылдауда қолдану. К 3. Өзін және қоғамдағы өз орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдау. К 4. Құқықтық жүйе мен экономиканың негіздерін меңгеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құбылыстар саласында азаматтық ұстанымды көрсету, қауіпсіздік ережелерін сақтау. К 5. Іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастыру және білім алушылардың әлеуетін диагностикалау. К 6. Инклюзивті тәсілді іске асырудағы негізгі педагогикалық дағдыларды меңгеру. К 7. Дене шынықтыру мен спорттың медициналық-биологиялық негіздерін жаттығу іс-әрекетінде қолдану. К 8. Спорттық іс-әрекеттегі қалпына келтіру технологияларының функционалдық бақылауды жүзеге асыру. К 9. Спорттық іріктеуді және топтарды жасақтауды ұйымдастыру. К 10. Жаттығу процесін жоспарлау. К 11. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру. К 12. Спортшылардың жарыс іс-әрекетіне басшылықты жүзеге асыру және олардың дене шынықтыру-спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету. К 13. Дене тәрбиесі процесінде оқу-әдістемелік іс-әрекетті жүзеге асыру. К 14. Өндіріс жағдайында жаттықтырушы-оқытушы мен дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-практикалық іс-әрекетін орындау. | 100 |
| 4 | Мәтінді техникалық түзету | жоқ | жоқ |
Наличие лицензии по данной специальности: Жоқ
Руководитель: Естаев Ержан Есимханович
Исполнитель: Казыкешова Лаура Турсынбековна Сотовый телефон: 87779975656 Адрес электронной почты: nurm_03@mail.ru