Нет данных
Нет данных
Нет данных
Нет данных
ЛИЦЕНЗИЯ РКС 2025.pdf
Заявка на обновление образовательной программы
РМҚК "Республикалық спорт колледжі" направляет обновленную образовательную программу для размещения в Реестре технического и профессионального, послесреднего образования по специальности 01140500 Дене тәрбиесі және спорт, квалификации/ям, 4S01140503 Спорт жаттықтырушысы - оқытушы.
ID обновляемой ОП в Реестре: 39573 Реестр 2025
| № | Өзгерістер түрлері | ББ қолданыстағы редакциясы | ББ жаңартылған редакциясы | Өзгерістер пайызы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, кредиттердегі модульдің (пәннің) еңбек сыйымдылығының көлемін өзгерту | БББ меңгерудің нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай 3 курс бойынша міндетті оқытудың жалпы көлемі 180 кредит (4320 сағат) болды. Бұрыңғы құрылым базалық (БМ) және кәсіптік модульдердің (КМ) ескі атауларын қамтыды. Негізгі модульдердің жалпы саны- 1 (оқыту нәтижелері- 2. Жалпы кредит саны- 225. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Дене шынықтыру және спорт саласында практикалық дағдылары мен теориялық білімі бар, салауатты өмір салтын жүзеге асыруда дене шынықтыру мен спорттың құралдарын пайдалана алатын, ғылыми-педагогикалық міндеттерді, оқытудың инновациялық технологияларын қолданатын мамандарды даярлау. Кәсіптік стандарт Enbek КС атауы: Спорт жаттықтырушы-оқытушысы Кәсіптер карточкасы: Спорт жаттықтырушы-оқытушысы (5 уровень ОРК) Еңбек функциясы: Спорттық жарыстарға және дене шынықтыру іс-шараларына қатысу Дағды: Топтары мен секцияларына (спорт түрі, спорт пәндері бойынша) білім алушыларды қабылдау Білім: 1. Бастапқы дайындық кезеңіндегі дайындық түрлері бойынша оқу процесінің мазмұны мен көлемінің арақатынасы. 2. Спорт түрі бойынша бастапқы даярлық кезеңінде топтарда даярлықтан өтетін адамдарға қойылатын Медициналық, жас және психофизикалық талаптар. 3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманың негіздері (таңдалған спорт түрлерінің ережелері, таңдалған спорт түрлері бойынша спорттық разрядтар мен атақтар беру үшін оларды орындау нормалары, талаптары мен шарттары. Машық: 1. Сұхбат жүргізу, бастапқы дайындық тобына түсушінің мотивациясы мен психологиялық көңіл-күйін бағалау. 2. Бастапқы даярлық тобына, оның ішінде нормативтерді тапсыру нәтижелері бойынша әдістемелік негізделген іріктеуді жүргізу. 3. Бақылау-өлшеу аспаптарын және спорттық мүкәммалды пайдалану. Кәсіптік стандарт: Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттары Оқуағарту министрінің 24.02.2025 ж. №31 бұйрығы. | БББ меңгерудің нормативтік мерзімі: 1 жыл 10 ай (11 сынып базасында) Міндетті оқыту көлемі 120 кредит (2880 сағатты) құрайды. Қарқынды даярлау талаптарын сәйкес базалық (БМ) және кәсіптік модульдердің (КМ) атаулары өзектендіріліп, өзгертілді. Негізгі модульдердің жалпы саны- 2. Жалпы кредит саны- 150. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді, спорттық резервті қалыптастыру және жоғары деңгейлі спортшыларды даярлау, жарыс қызметіне басшылық жасау, сондай-ақ білім беру және спорт ұйымдарында дене шынықтыру пәндерін оқытуды жүзеге асыратын жаттықтырушы-оқытушыларды даярлау. Жаттықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын, спорттық резервті және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын, спортшылардың жарыс қызметіне жетекшілік ететін, сондай-ақ білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында дене шынықтыру саласы бойынша сабақ беретін жаттықтырушы-оқытушыларды дайындау. БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КӘСІБИ СТАНДАРТТАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ 1. Спорт жаттықтырушы-оқытушысы кәсіптік стандарты (СБШ 5-деңгейі): 1 – еңбек функциясы: Дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтардың мазмұнын жоспарлау. Дағды: Дене шынықтыру және спорт қызметін қалыптастыру. «Спорт жаттықтырушы-оқытушысы» кәсіптік стандарты (СБШ 5-деңгейі): 2 – еңбек функциясы: Дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтардың мазмұнын жоспарлау Дағды: Білім алушылардың дене шынықтырумен және спортпен айналысу мүмкіндіктерін анықтау (спорттық іріктеу және бағдарлау). Спорт жаттықтырушы-оқытушысы кәсіптік стандарты (СБШ 5-деңгейі): 3 – еңбек функциясы: Білім беру және спорт ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалардың мақсаттарына сәйкес іс-шараларды өткізу. Дағды: Жаттығу процесінің нәтижелерін есепке алу және талдау. Дағды: Спорттық жарыстарға, спорттық және дене шынықтыру іс-шараларына қатысуды ұйымдастыру. 2. Жаттықтырушы кәсіптік стандарты: 4 – еңбек функциясы: Жаттығу сабақтарының міндеттерін анықтау. 5 – еңбек функциясы: Шұғылданушыларды спорт түрлері (спорт түрлерінің тобы) бойынша даярлау. 3. Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттары 6 – еңбек функциясы: Білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептерді, колледждерді және БЖСМ-дерді қоса алғанда) оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру. | |
| 2 | Модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін өзгерту немесе қосу | Оқыту нәтижелерінің (ОН) жалпы саны ескі тұжырымдамалармен және модульдердің бұрыңғы құрылымымен 35 ОН құрады. ЖММ 1. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру ОН 1.1. Халықтың әртүрлі топтары арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі әдістерін қолдану. ЖММ 2. Ақпараттық -коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану ОН 2.1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың негіздерін меңгеру. ОН 2.2. Ақпаратты өңдеу кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдану. ОН 2.3. Мемлекеттік тілде іс жүргізуді меңгеру. ОН 2.4. Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдар қызметтерін пайдалану. ЖММ 3. Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану. ОН 3.1. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ғылыми және заңнамалық негіздерін меңгеру. ОН 3.2. Экономикалық теорияның және жасыл экономиканың негіздерімен таныс болу. ЖММ 4. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану ОН 4.1. Құқықтың негізгі салаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттарын түсіну . ОН 4.2. Белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыратын моральдық құндылықтар мен нормаларды қалыптастыру. ОН 4.3. Мемлекеттің дамуы мен еңбекті қорғаудың әртүрлі типтерін, формаларын, элементтері мен функцияларын меңгеру. ОН 4.4. Әлеуметтік-саяси ғылымдардың қалыптасуы мен дамуының негіздерін меңгеру. БМ 1. Тұлғаны қалыптастыру процесі және оны сақтаудың педагогикалық негіздері. ОН 1.1. Педагогикалық әдістер мен тәсілдерді оқу және оқудан тыс сабақтарда, қауіпсіз және этикалық мінез-құлықты қолдану. ОН 1.2. Психологиялық теория негіздерін, тұлғаның психологиялық дамуының заңдылықтарын қолдану. КМ 1. Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін зерттеу ОН 1.1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы маманның кәсіби дағдыларын меңгергу. ОН 1.2. Балалар мен жасөспірімдер спортындағы техникалық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, спорттық-бұқаралық мәдени ісшараларды ұйымдастыру. ОН 1.3. Фитнес индустриясының негізгі қызмет стандарттары мен заманауи талаптарын қолдану. ОН 1.4. Ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру. КМ 2. Жеке тұлғаны қалыптастыру моделін құру ОН 2.1 Оқушылардың тұлғасын қалыптастыру мақсатында топтармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. ОН 2.2 Спортшының жаттығу және сайыс үдерісінде психологопедагогикалық қолдау көрсету қабілетін меңгеру. ОН 2.3 Оқу және тәрбие процесінде тиімді өзара әрекеттесу әдістері мен технологияларын меңгеру. КМ 3. Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық шарттарды жобалау ОН 3.1 Дене тәрбиесі дидактикасының ережелері негізінде дене шынықтыру және спорт бойынша оқу сабақтарын өткіу. ОН 3.2 Дене шынықтыру және спорт саласында материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. ОН 3.3. Дене шынықтыру мен спорттың эволюциясын, олардың тарихи оқиғалар мен мәдени дәстүрлермен байланысын түсіну. ОН 3.4. ДШжС сабақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін спорттық нысандарды, жабдықтарды тиімді пайдалана білу және әртүрлі мақсаттарға арналған тренажёрларды дұрыс таңдай алу. КМ 4. Білім алушылардың оқу жаттығу қызметінің моделін құру ОН 4.1. Жаттықтырушының функционалдық міндеттерін, ТСТ-дегі спорттық дайындықты оқыту және жетілдіру әдістемесін меңгеру. ОН 4.2. Техникалық-тактикалық дайындықты оқыту мен жетілдірудің әртүрлі әдістемелерін меңгеру. ОН 4.3. Тиімді жаттығу мен жарыс үрдісінде қолайлы жағдайларды ұйымдастыруға ықпалететін әдістемелік негіздерді меңгеру. КМ 5. Білім алушылардың жеке және кәсіби әлеуетін (сапасын) ашу үшін жағдай жасау ОН 5.1 Ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ететін мүшелердің құрылымы мен қызметтерін меңгеру. ОН 5.2 Дене қозғалысын тиімді меңгеру үшін биомеханикалық заңдылықтарды, биомеханикалық және биохимиялық көрсеткіштерді бағалау әдістемесін білу. ОН 5.3 Организмнің биохимиялық заңдылықтары мен құбылыстарын сипаттай, талдай білу. ОН 5.4 Массаждың, емдік дене шынықтырудың, дене тәрбиесісауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстың әдістері мен тәсілдерін меңгеру. ОН 5.5 Медициналық бақылауды және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді жүзеге асыра білу. КМ 6. Білім алушылардың спорттық педагогикалық қызметін жүргізу ОН 6.1 Техника қауіпсіздігін ескере отырып, таңдаған спорт түріндегі жалпы және арнайы дене дайындығы құралдарын меңгеру. ОН 6.2 Жоғары деңгейдегі спортшыларға қойылатын негізгі талаптарды қолдану. ОН 6.3. Көпжылдық спорттық дайындықтың әр түрлі кезеңдерінде жаттығу қызметінің тұтастығын қамтамасыз ету. | Оқыту нәтижелерінің жалпы саны 48 ОН құрайды. 1 жыл 10 ай мерзіміне көшуге байланысты әрбір модульдегі ОН атаулары мен тұжырымдамалары өзгертілді, сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушының жаңартылған құзыреттіліктеріне сай 13 жаңа ОН қосылды. Жалпы міндетті модулдер ЖММ 01. Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану ОН 1.1. Кәсіби қызметте цифрлық инфрақұрылым элементтерін, цифрлық платформалар мен цифрлық экономика технологияларын қолдану. ОН 1.2. Ақпаратты іздеу, өңдеу, талдау және ұсыну үшін деректерді, цифрлық сервистерді және жасанды интеллект құралдарын пайдалану. ОН 1.3. Ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық әдеп қағидаттарын сақтау. ОН 1.4. Заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып, цифрлық жобаны әзірлеу және ұсыну. ЖММ 02. Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану ОН 2.1. Практикалық міндеттерді шешу үшін экономикалық білім негіздерін меңгеру және оларды қолдану дағдыларын игеру. ОН 2.2. Әлемдік экономиканың даму үрдістерін және мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну. ОН 2.3. Жеке бюджетті жүргізу және негізделген қаржылық шешімдер қабылдау үшін қаржылық сауаттылық бойынша білімді қолдану. ОН 2.4. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздерін меңгеру. ЖММ 03. Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылым негіздерін қолдану ОН 3.1. Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтерді меңгеру. ОН 3.2. Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну. ОН 3.3. Толеранттылық пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыратын моральдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну. ОН 3.4. Әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі ұғымдарын меңгеру. Базалық модулдер (жалпы кәсіптік пәндер) БМ 01. Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастыру және әлеуетін диагностикалау ОН 1.1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін, әдістерін, формалары мен тәсілдерін меңгеру. ОН 1.2. Дене тәрбиесінің теориялық-әдістемелік негіздерін кәсіби іс-әрекетте қолдану. ОН 1.3. Мәдени-тарихи мұра құндылықтарын әртүрлі тарихи кезеңдердегі дене тәрбиесі жүйесіне кіріктіру. ОН 1.4. Білім алушылардың жеке әлеуетін, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін диагностикалау әдістерін қолдану. ОН 1.5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу кезінде инклюзивті білім беру технологияларын қолдану. БМ 02. Дене шынықтыру мен спортты медициналық-биологиялық қамтамасыз ету ОН 2.1. Жаттығу жүктемелерін модельдеу үшін адам организмі жүйелерінің анатомиялық-морфологиялық құрылымы мен өзара байланысы туралы білімді қолдану. ОН 2.2. Спортшы организмінің физикалық жүктемелерге бейімделуінің физиологиялық механизмдерін талдау. ОН 2.3. Спортшылардың жұмыс, демалыс және тамақтану режимдерін жоспарлау кезінде биохимиялық процестер мен бұлшықеттерді энергиямен қамтамасыз ету заңдылықтарын ескеру. ОН 2.4. Жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде биомеханикалық заңдылықтарды қолдану. ОН 2.5. Жаттығулардың гигиеналық жағдайларын, жарақаттанудың алдын алу шараларын қамтамасыз ету және шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету. Кәсіптік модулдер КМ 01. Спорттық қызметте функционалдық бақылауды және қалпына келтіру технологияларын қамтамасыз ету ОН 1.1 Медициналық көрсеткіштерді, қарсы көрсеткіштерді және білім алушылардың жеке жай-күйін ескере отырып, спорттық және қалпына келтіру массажының тәсілдерін орындау. ОН 1.2 Жеке денсаулық жағдайын ескере отырып, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіру, оңалту және арттыру үшін емдік дене шынықтыру әдістері мен құралдарын қолдану. ОН 1.3. Спортшының жағдайын бағалау және жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін спорттық медицина мен функционалдық диагностика әдістерін қолдану. КМ 02. Спорттық іріктеу технологияларын қолдану ОН 2.1. Таңдалған спорт түрінің теориялық-әдістемелік негіздерін кәсіби қызметте қолдану. ОН 2.2. Спортшылар мен білім алушыларды спорттық бағдарлау және спорттық іріктеу әдістемелерін таңдау. ОН 2.3. Білім алушыларды ғылыми негізделген іріктеу, спорттық бағдарлау және кешенді диагностикалау негізінде спорттық топтар мен секцияларды жасақтау. ОН 2.4. Білім алушылардың дене дайындығын бақылау нормативтері мен әдістемелерінің жүйесін пайдалану. КМ 03. Жаттығу процесін жоспарлау ОН 3.1. Шұғылданшыны даярлау бағдарламасының мақсаттары мен мазмұнына сүйене отырып, жалпы және арнайы дене дайындығының міндеттерін анықтау. ОН 3.2. Даярлық кезеңдері мен этаптары бойынша жаттығу жүктемелерінің жалпы ұзақтығын, көлемін, қарқындылығын және арақатынасын жоспарлау. Жаттығу сабақтарының жоспарларын және жаттығулардың дайындық деңгейін, жынысы мен жасын ескере отырып, жүктемелердің күнтізбелік кестелерін әзірлеу. ОН 3.4. Таңдалған спорт түрінен тиімді спорттық жаттығулар құралдары мен әдістерін таңдау. ОН 3.5. Жалпы және арнайы физикалық дене дайындық деңгейін арттыруға арналған жаттығулар кешенін құру. КМ 04. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру ОН 4.1. Дене жаттығуларының кешендерін орындау кезінде білім алушылардың оқу-жаттығу қызметін басқара отырып, жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығу сабақтарын өткізу. ОН 4.2. Экологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар талаптарын ескере отырып, спорттық жабдықтарды, мүліктерді және ғимараттарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету. ОН 4.3. Спорттық топтың (команданың) оқу-жаттығу қызметінің тиімділігін бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау. ОН 4.4. Тестілеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, спортшылардың физикалық , техникалық және тактикалық дайындығына кешенді бақылау жүргізу. КМ 05. Спорттық жарыстар мен дене шынықтыру іс-шараларына қатысу ОН 5.1. Спортшылардың (команданың) жарыс іс-шараларына қатысуын материалдық-техниқалық, құжаттамалық және допингке қарсы қамтамасыз етуді ұйымдастыру. ОН 5.2. Жарыс қызметі үдерісінде спортшылардың жағдайын бақылауды, жедел секундтауды және кешенді тактикалық басқаруды жүзеге асыру. ОН 5.3. Жарыс нәтижелеріне талдау жүргізу, есептік құжаттаманы ресімдеу және тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғау үшін төрешілер алқасымен өзара іс-қимыл жасау. КМ 06. Дене тәрбиесі үдерісінде оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру ОН 6.1. Оқу-жаттығу үдерісін кейіннен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді оқыту әдістері мен бағалау критерийлерін таңдау. ОН 6.2. Дене шынықтыру және спорттық дайындық бойынша оқу-жаттығу процесін және цифрлық оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді жүзеге асыру. ОН 6.3. Шұғылданушылардың нормативтерді тапсыру нәтижелері негізінде бірыңғай әдістемелік тақырып бойынша әдістемелік ұсынымдар мен жаттығулар жинақтарын әзірлеу. КМ 07. Білім беру және жаттығу үдерістерін ұйымдастыру және іске асыру ОН 7.1. Нормативтік-құқықтық және әдістемелік талаптар негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби қызметті ұйымдастыру. ОН 7.2. Оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, жаттықтыршы-оқытушының есептік оқу-әдістемелік құжаттамасын және портфолиосын қалыптастыру. ОН 7.3. Жалпы білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, дене шынықтыру мұғалімінің жұмыс бағдарламасын іске асыру. ОН 7.4. Спортшылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, спорт түрі бойынша спорттық дайындық бағдарламасын іске асыру. | 100 |
| 3 | Құзыреттерді өзгерту | Құзыреттер саны - 18. Қ 1 Өз денесін жетілдіруге деген ұмтылысты көрсету, салауатты өмір салтына назар аудару. 2 Қ 2 Компьютерлік технологияларды, ақпаратты цифрлық өңдеу әдістерін және жасанды интеллект әдістемелерін үйлесімді қолдана білу. Қ 3 Құқықтық жүйе мен экономика негіздерін меңгеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайларда азаматтық ұстанымды көрсету. Қ 4 Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін зерттеу. Қ 5 Білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру Қ 6. Психикалық процестердің оқу іс-әрекеті мен кәсіби мінез-құлыққа ықпалын анықтау. Қ 7 Жеке тұлғаны қалыптастыру моделін құру. Қ 8 Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық шарттарды жобалау. Қ 9 Білім алушылардың оқу-жаттығу қызметінің моделін құру. Қ 10 Білім алушылардың тұлғалық және кәсіби әлеуетін (сапасын) ашу үшін жағдай жасау. Қ 11 Білім алушылардың спорттық-педагогикалық қызметін құру. Қ 12 Оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлау және өткізу. Қ 13 Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыру. Қ 14 Биомедициналық көрсеткіштерді талдау және бағалау. Қ 15 Спорттық жаттығу қызметінде кәсіби дағдыларды қолдану. Қ 16 Білім алушылардың оқу-жаттығу және жарыстық іс-әрекетінің моделін құру тәсілдерін сипаттау және білім алушыларды дене жаттығулары, жаттығулар кешенін орындауға жұмылдыру. Қ 17 Денсаулықты, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін нығайтуды және қорғауды қамтамасыз ету. Қ 18 Спорттық жарыстардың төрешілігін ұйымдастыруды жүзеге асыру | Құзыреттер саны - 14. Оқу мерзімінің өзгеруіне байланысты құзыреттер тізбесі кеңейтілді, олардың мазмұны қарқынды даярлау бағдарламасына сай ішінара өзгертілді. Қ1. Ақпаратты өңдеу, сақтау және қолдану тәсілдерін, интернетпен, электрондық поштамен жұмыс істеуді, жасанды интеллект технологияларын қолдану. Қ2. Қаржылық және іскерлік сауаттылыққа қатысты білімді практикалық міндеттерді шешуде, қызметті жоспарлауда және экономикалық негізделген шешімдер қабылдауда қолдану. Қ3. Өзін және қоғамдағы өз орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдау. Қ4. Құқықтық жүйе мен экономиканың негіздерін меңгеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құбылыстар саласында азаматтық ұстанымды көрсету, қауіпсіздік ережелерін сақтау. Қ5. Іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастыру және білім алушылардың әлеуетін диагностикалау. Қ6. Инклюзивті тәсілді іске асырудағы негізгі педагогикалық дағдыларды меңгеру. Қ7. Дене шынықтыру мен спорттың медициналық-биологиялық негіздерін жаттығу іс-әрекетінде қолдану. Қ8. Спорттық іс-әрекеттегі қалпына келтіру технологияларының функционалдық бақылауды жүзеге асыру. Қ9. Спорттық іріктеуді және топтарды жасақтауды ұйымдастыру. Қ10. Жаттығу процесін жоспарлау. Қ11. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру. Қ12. Спортшылардың жарыс іс-әрекетіне басшылықты жүзеге асыру және олардың дене шынықтыру-спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету. Қ13. Дене тәрбиесі процесінде оқу-әдістемелік іс-әрекетті жүзеге асыру. Қ14. Өндіріс жағдайында жаттықтырушы-оқытушы мен дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-практикалық іс-әрекетін орындау. | 100 |
| 4 | Мәтінді техникалық түзету | жоқ | жоқ |
Наличие лицензии по данной специальности: Бар
Руководитель: Байрамуков Ислам Ильясович
Исполнитель: Болатбекова Балжан Садыковна Сотовый телефон: 87775177378 Адрес электронной почты: halofen@bk.ru