QR Code
Нет данных
Нет данных
Нет данных
Нет данных
Лицензия и приложений колледжа.pdf

Заявка на обновление образовательной программы

"Алматы қаласы "Шаңырақ" шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" РММ направляет обновленную образовательную программу для размещения в Реестре технического и профессионального, послесреднего образования по специальности 01140500 Дене тәрбиесі және спорт, квалификации/ям, 4S01140503 Спорт жаттықтырушысы - оқытушы.

ID обновляемой ОП в Реестре: 19564 Реестр 2024

№ Өзгерістер түрлері ББ қолданыстағы редакциясы ББ жаңартылған редакциясы Өзгерістер пайызы
1 Оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, кредиттердегі модульдің (пәннің) еңбек сыйымдылығының көлемін өзгерту 1. Кредиттердің жалпы көлемі - 225 (Жалпыға міндетті модульдер - 25 кредит. Кәсіптік модульдер - 146 кредит. Аралық аттестаттау - 6 кредит. Қорытынды аттестаттау - 3 кредит. Студенттің өзіндік жұмысы - 45 кредит). 2. Оқу мерзімі - 2 жыл 10 ай. 3. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Тұрақты жаттығулар өткізу және спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды даярлау мен оқытуды жүзеге асыратын мамандар даярлау. 4. Кәсіптік стандарт. 1. "Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы; 2. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 8 қарашадағы № 291 бұйрығы; 3. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 333 бұйрығы; 1. Кредиттердің жалпы көлемі - 150 (Жалпыға міндетті модульдер - 11 кредит. Базалық модульдер - 23 кредит. Кәсіптік модульдер - 77 кредит. Аралық аттестаттау - 6 кредит. Қорытынды аттестаттау - 3 кредит. Студенттің өзіндік жұмысы - 30 кредит). 2. Оқу мерзімі - 1 жыл, 10 ай. 3. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді, спорттық резервті қалыптастыру және жоғары деңгейлі спортшыларды даярлау, жарыс қызметіне басшылық жасау, сондай-ақ білім беру және спорт ұйымдарында дене шынықтыру пәндерін оқытуды жүзеге асыратын жаттықтырушы-оқытушыларды даярлау. 4. Кәсіптік стандарт. 1. "Спорт жаттықтырушы-оқытушысы" кәсіптік стандарты (СБШ 5-деңгейі): 1-еңбек функциясы: Дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтардың мазмұнын жоспарлау. *Дағды: Дене шынықтыру және спорт қызметін қалыптастыру. 2-еңбек функциясы: ЛДене шынықтыру және спорт бойынша сабақтардың мазмұнын жоспарлау. *Дағды: Білім алушылардың дене шынықтырумен және спортпен айналысу мүмкіндіктерін анықтау (спорттық іріктеу және бағдарлау). 3-еңбек функциясы: Білім беру және спорт ұйымдарында іске асырылатын бағдарламалардың мақсаттарына сәйкес іс-шараларды өткізу. *Дағды: Жаттығу процесінің нәтижелерін есепке алу және талдау. *Даңды: Спорттық жарыстарға, спорттық және дене шынықтыру іс-шараларына қатысуды ұйымдастыру. 2. "Жаттықтырушы" кәсіптік стандарты: 4-еңбек функциясы: Жаттығу сабақтарының міндеттерін анықтау. 5-еңбек функциясы: Шұғылданушыларды спорт түрлері (спорт түрлерінің тобы) бойынша даярлау. 3. "Педагог" кәсіптік сатндарты: 6-еңбек функциясы: білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептерді, колледждерді және БЖСМ-дерді қоса алғанда) оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.
2 Модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін өзгерту немесе қосу Жалпыға міндетті модульдер (жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер). ЖММ 1. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру. ОН 1.1. Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау. ОН 1.2. Дене қасиеттері мен психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру. ЖММ 2. Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану. ОН 2.1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру. ОН 2.2. Ақпараттық-анықтамалық және интерактивті веб-порталдардың қызметтерін пайдалану. ЖММ 3. Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану.ОН 3.1. Экономикалық теория саласындағы негізгі мәселелерді меңгеру. ОН 3.2. Экономикалық ойлауды қалыптастыру, кәсіпорында болып жатқан экономикалық процестерді талдай білу. ОН 3.3. Әлемдік экономиканың даму үдерісін түсіну, қоғамда болып жатқан экономикалық процестер мен құбылыстарды бағалау. ОН 3.4. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізудің ғылыми және заңнамалық негіздерін меңгеру. ОН 3.5. Бизнес жоспар әзірлеу, кәсіпкерлік қызметтің этикалық стандарттарын сақтау.ЖММ 4. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану. ОН 4.1. Төзімді және белсенді жеке ұстанымды қалыптастыратын моральдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну. ОН 4.2. Әлемдік өркениеттегі Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің рөлі мен орнын түсіну. ОН 4.3. Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы принциптерді меңгеру. ОН 4.4. Әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі түсініктерін меңгеру. Жалпыға міндетті модульдер (жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер). ЖММ 1. Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану. ОН 1.1. Кәсіби қызметте цифрлық инфрақұрылым элементтерін, цифрлық платформалар мен цифрлық экономика технологияларын қолдану. ОН 1.2. Ақпаратты іздеу, өңдеу, талдау және ұсыну үшін деректерді, цифрлық сервистерді және жасанды интеллект құралдарын пайдалану. ОН 1.3. Ақпараттық қауіпсіздік пен цифрлық әдеп қағидаттарын сақтау. ОН 1.4. Заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып, цифрлық жобаны әзірлеу және ұсыну. ЖММ 2. Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану. ОН 2.1. Практикалық міндеттерді шешу үшін экономикалық білім негіздерін меңгеру және оларды қолдану дағдыларын игеру. ОН 2.2. Әлемдік экономиканың даму үрдістерін және мемлекеттің "жасыл" экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсіну. ОН 2.3. Жеке бюджетті жүргізу және негізделген қаржылық шешімдер қабылдау үшін қаржылық сауаттылық бойынша білімді қолдану. ОН 2.4. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздерін меңгеру. ЖММ 3. Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылым негіздерін қолдану. ОН 3.1. Құқықтың негізгі салалары туралы мәліметтерді меңгеру. ОН 3.2. Қазақстан Республикасы халықтары мәдениетінің әлемдік өркениеттегі рөлі мен орнын түсіну. ОН 3.3. Толеранттылық пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыратын моральдық-адамгершілік құндылықтар мен нормаларды түсіну. ОН 3.4. Әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі ұғымдарын меңгеру. 100
Базалық модульдер - жоқ Базалық модульдер (жалпы кәсіптік пәндер). БМ 1. Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастыру және әлеуетін диагностикалау. ОН 1.1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін, әдістерін, формалары мен тәсілдерін меңгеру. ОН 1.2. Дене тәрбиесінің теориялық-әдістемелік негіздерін кәсіби іс-әрекетте қолдану. ОН 1.3. Мәдени-тарихи мұра құндылықтарын әртүрлі тарихи кезеңдердегі дене тәрбиесі жүйесіне кіріктіру. ОН 1.4. Білім алушылардың жеке әлеуетін, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін диагностикалау әдістерін қолдану. ОН 1.5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу кезінде инклюзивті білім беру технологияларын қолдану. БМ 2. Дене шынықтыру мен спортты медициналық-биологиялық қамтамасыз ету. ОН 2.1. Жаттығу жүктемелерін модельдеу үшін адам организмі жүйелерінің анатомиялық-морфологиялық құрылымы мен өзара байланысы туралы білімді қолдану. ОН 2.2. Спортшы организмінің физикалық жүктемелерге бейімделуінің физиологиялық механизмдерін талдау. ОН 2.3. Спортшылардың жұмыс, демалыс және тамақтану режимдерін жоспарлау кезінде биохимиялық процестер мен бұлшықеттерді энергиямен қамтамасыз ету заңдылықтарын ескеру. ОН 2.4. Жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде биомеханикалық заңдылықтарды қолдану. ОН 2.5. Жаттығулардың гигиеналық жағдайларын, жарақаттанудың алдын алу шараларын қамтамасыз ету және шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету. 100
Кәсіптік модульдер (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер). КМ 1. Білім алушылардың тұлғалық әлеуетін зерттеу. ОН 1.1. Дене тәрбиесі процесінде әлеуметтік-педагогикалық принциптерді қолдану. ОН 1.2. Педагогикалық үдерісті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. ОН 1.3. Теориялық білімдерін кәсіби қызметте қолдану. ОН 1.4. Педагогикалық қызметті бағалау мен талдауды жүзеге асыру. ОН 1.5. Топтармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру ОН 1.6. Этносаралық, толеранттылық, өзінің және басқа халықтардың мәдениетін, тілін, тарихын құрметтеу қағидаттарын жүзеге асыру. ОН 1.7. Білім алушылардың жеке тұлғалық зерттеу дағдыларын қалыптастыру. КМ 2. Жеке тұлғаны қалыптастыру моделін құру. ОН 2.1. Дене шынықтыру және спорт психологиясына сәйкес оқу процесінде тұлғаның психикалық процестерінің ерекшеліктерін сипаттау. ОН 2.2. Көшбасшының жеке қасиеттерін дамыту. ОН 2.3. Спорттық үйірмелерді ұйымдастыру әдістемесін меңгерту. КМ 3. Ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық шарттарды жобалау. ОН 3.1. Педагогикалық процесті материалдық-техникалық және экологиялық қамтамасыз етуді жобалау. ОН 3.2. Педагогикалық менеджмент функциясының таңдаған спорт түрі әдістері мен формаларының тиімділігін талдау. ОН 3.3. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттерін анықтау. ОН 3.4.Білім алушылардың әлеуметтік қорғалуын, денсаулығын және қауіпсіздік ережесін сақтауды қамтамасыз ету. ОН 3.5. Білім алушылардың дене, техникалық және спорттық белсенділігін арттыруды қамтамасыз ету. КМ 4. Білім алушылардың оқу- жаттығу қызметінің моделін құру. ОН 4.1. Спортшы-оқушылармен жұмыстың мазмұны мен дайындығының әдістемелік, техникалық және экологиялық шарттарын жобалау. ОН 4.2. Оқу материалының мазмұнын құрастыру және іріктеу. ОН 4.3. Білім алушыларды дене жаттығулары кешені мен арнайы жаттығуларды жұмылдыру. ОН 4.4. Білім алушылардың оқу-жаттықтырушылық қызметінің моделін құру тәсілдерін сипаттау. ОН 4.5. Спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтарын өткізу. КМ 5. Білім алушылардың жеке және кәсіби әлеуетін (сапасын) ашу үшін жағдай жасау. ОН 5.1. Дене жаттығуларының биомеханикасын меңгеру. ОН 5.2. Биохимиялық заңдылықтар мен құбылыстарды сипаттау ОН 5.3. Ағзаның құрылысы, қызметі және тіршілік әрекеті туралы түсінік қалыптастыру. ОН 5.4. Жарақаттардың және допинг қолданудың алдын алу. ОН 5.5. Емдік және профилактикалық массаж жасау көрсеткіштері мен оған қарсы көрсеткіштер. КМ 6. Өз қызметін рефлексия және түзету жүргізу. ОН 6.1. Адамның өзін-өзі талдау қабілетін анықтау ОН 6.2. Рефлексивті қызметтің тиімділігін, өнімділігін қамтамасыз ету. ОН 6.3. Спорт түрлерінен жарыстарға төрешілік етуді ұйымдастыру және өндірістік қауіпсіздік техникаларын меңгеру. КМ 7. Оқыту сапасына мониторинг жүргізу. ОН 7.1. Оқыту сапасының өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау. ОН 7.2. Оқыту сапасының мониторингі бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. ОН 7.3. Жаттықтырушылық құзыреттілікті қалыптастыру және өндірістік қауіпсіздік техникаларын меңгеру. Кәсіптік модульдер (арнайы пәндер). КМ1. Спорттық қызметте функционалдық бақылауды және қалпына келтіру технологияларын қамтамасыз ету. ОН 1.1. Медициналық көрсеткіштерді, қарсы көрсеткіштерді және білім алушылардың жеке жай-күйін ескере отырып, спорттық және қалпына келтіру массажының тәсілдерін орындау. ОН 1.2. Жеке денсаулық жағдайын ескере отырып, ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіру, оңалту және арттыру үшін емдік дене шынықтыру әдістері мен құралдарын қолдану. ОН 1.3. Спортшының жағдайын бағалау және жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін спорттық медицина мен функционалдық диагностика әдістерін қолдану. КМ2. Спорттық іріктеу технологияларын қолдану. ОН 2.1. Таңдалған спорт түрінің теориялық-әдістемелік негіздерін кәсіби қызметте қолдану. ОН 2.2. Спортшылар мен білім алушылардың спорттық бағдарлау және спорттық іріктеу әдістемелерін таңдау. ОН 2.3. Білім алушыларды ғылыми негізделген іріктеу, спорттық бағдарлау және кешенді диагностикалау негізінде спорттық топтар мен секцияларды жасақтау. ОН 2.4. Білім алушылардың дене дайындығын бақылау нормативтері мен әдістемелерінің жүйесін пайдалану. КМ3. Жаттығу процесін жоспарлау. ОН 3.1. Шұғылданушыны даярлау бағдарламасының мақсаттары мен мазмұнына сүйене отырып, жалпы және арнайы дене дайындығының міндеттерін анықтау. ОН 3.2. Даярлық кезеңдері мен этаптары бойынша жаттығу жүктемелерінің жалпы ұзақтығын, көлемін, қарқындылығын және арақатынасын жоспарлау. ОН 3.3. Жаттығу сабақтарының жоспарларын және жаттығулардың дайындық деңгейін, жынысы мен жасын ескере отырып, жүктемелердің күнтізбелік кестелерін әзірлеу. ОН 3.4. Таңдалған спорт түрінен тиімді спорттық жаттығулар құралдары мен әдістерін таңдау. ОН 3.5. Жалпы және ранайы физикалық дене дайындық деңгейін арттыруға арналған жаттығулар кешенін құру. КМ4. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру. ОН 4.1. Дене жаттығуларының кешендерін орындау кезінде білім алушылардың оқу-жаттығу қызметін басқара отырып, жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттығу сабақтарын өткізу. ОН 4.2. Экологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар талаптарын ескере отырып, спорттық жабдықтарды, мүліктерді және ғимараттарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету. ОН 4.3. Спорттық топтың (команданың) оқу-жаттығу қызметінің тиімділігін бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау. ОН 4.4. Тестілеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, спортшылардың физикалық, техникалық және тактикалық дайындығына кешенді бақылау жүргізу. КМ5. Спорттық жарыстар мен дене шынықтыру іс-шараларына қатысу. ОН 5.1. Спортшылардың (команданың) жарыс іс-шараларына қатысуын материалдық-техникалық, құжаттамалық және допингке қарсы қамтамасыз етуді ұйымдастыру. ОН 5.2. Жарыс қызметі үдерісінде спортшылардың жағдайын бақылауды, жедел секундтауды және кешенді тактикалық басқаруды жүзеге асыру.ОН 5.3. Жарыс нәтижелеріне талдау жүргізу, есептік құжаттаманы рәсімдеу және тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғау үшін төрешілер алқасымен өзара іс-қимыл жасау. КМ6. Дене тәрбиесі үдерісінде оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру. ОН 6.1. Оқу-жаттығу үдерісін кейіннен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді оқыту әдістері мен бағалау критерийлерін таңдау. ОН 6.2. Дене шынықтыру және спорттық дайындық бойынша оқу-жаттығу процесін және цифрлық оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді жүзеге асыру. ОН 6.3. Шұғылданушылардың нормативтерді тапсыру нәтижелері негізінде бірыңғай әдістемелік тақырып бойынша әдістемелік ұсынымдар мен жаттығулар жинақтарын әзірлеу. КМ7. Білім беру және жаттығу үдерістерін ұйымдастыру және іске асыру. ОН 7.1. Нормативтік-құқықтық және әдістемелік талаптар негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби қызметті ұйымдастыру. ОН 7.2. Оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, жаттықтырушы-оқытушының есептік оқу-әдістемелік құжаттамасын және портфолиосын қалыптастыру. ОН 7.3. Спортшылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, спорт түрі бойынша спорттық дайындық бағдарламасын іске асыру. ОН 7.4. Жалпы білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, дене шынықтыру мұғалімінің жұмыс бағдарламасын іске асыру. 100
3 Құзыреттерді өзгерту Қ1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене қасиеттерін жетілдіру. Қ2. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу. Қ3. Патриотизм мен азаматтықты, ұлттық сана-сезімді, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту. Қ4. Кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеру. Қ5. Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану. Қ6.Дене тәрбиесі процесінде әлеуметтік-педагогикалық негіздерді қолдану. Қ7. Спорттық шеберлік топтарында оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру. Таңдаған спорт түріндегі жаттығулардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, спорттық іс-шараларды өткізу процесінің әдістемесін ұйымдастыру. Қ8. Тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту заңдарын меңгеру. Қ9. Өскелең ұрпақты өзінің ұлттық мәдениетімен таныстыру, өзінің тарихи тамырларын құрметтейтін рухани-адамгершілік тұлғаны тәрбиелеу үшін халықтық педагогиканың құралдарын пайдалану. Қ10. Спортта қолданылатын қазіргі психологиялық зерттеулердің негізгі әдістерін, спорттағы қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін, психологияның негізгі бағыттарын меңгеру. Қ11. Педагогикалық менеджмент және ұйымдастырушылық әдістемені үйрену. Қ12. Спорттық –педагогикалық әрекет үшін ұтымды жағдайларды және дене мәдениетімен айналысатын орындарға, құрал-жабдықтарға бақылау жүргізу. Қ13.Білім алушылардың дене шынықтыру және спорттық дайындығын арттыру. Оқушы-спортшылармен жұмысты дайындау, әдістемелік және техникалық шарттарын жобалау. Қ15. Оқу материалының мазмұнын құрастыру және іріктеу. Қ16.Дене жаттығуларының биомеханикасын меңгеру. Қ17. Биохимиялық заңдылықтар мен құбылыстарды сипаттау. Қ18.Денсаулықты, оқу-жаттығу процесінің қауіпсіздігін нығайтуды және қорғауды қамтамасыз ету. Қ19. Спортшылар ағзасының функционалды күйін және спортшыларды қалпына келтірудің медициналық құралдарын қарастыру. Қ20. Емдік гимнастика процедураларын және массаж сеанстарын жүргізудің жеке әдістерін меңгеру. Қ21. Жалпы мәдениетін арттыру, дүниетанымын кеңейту, дене тәрбиесі және спорт саласындағы білімін толықтыру. Қ1. Ақпаратты өңдеу, сақтау және қолдану тәсілдерін, интернетпен, электрондық поштамен жұмыс істеу, жасанды интеллект технологияларын қолдану. Қ2. Қаржылық және іскерлік сауаттылыққа қатысты білімді практикалық міндеттерді шешуде, қызметті жоспарлауда және экономикалық негізделген шешімдер қабылдауда қолдану. Қ3. Өзін және қоғамдағы өз орнын сезіну, әлеуметтік, саяси, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдау. Қ4. Құқықтық жүйе мен экономиканың негіздерін меңгеру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құбылыстар саласында азаматтық ұстанымды көрсету, қауіпсіздік ережелерін сақтау. Қ5. Іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерін қалыптастыру және білім алушылардың әлеуетін диагностикалау. Қ6. Инклюзивті тәсілді іске асырудағы негізгі педагогикалық дағдыларды меңгеру. Қ7. Дене шынықтыру мен спорттың медициналық-биологиялық негіздерін жаттығу іс-әрекетінде қолдану. Қ8. Спорттық іс-әрекеттегі қалпына келтіру технологияларын функционалдық бақылауды жүзеге асыру. Қ9. Спорттық іріктеуді және топтарды жасақтауды ұйымдастыру. Қ10. Жаттығу процесін жоспарлау. Қ11. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды жүзеге асыру. Қ12. Спортшылардың жарыс іс-әрекетіне басшылықты жүзеге асыру және олардың дене шынықтыру-спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету. Қ13. Дене тәрбиесі процесінде оқу-әдістемелік іс-әрекетті жүзеге асыру. Қ14. Өндіріс жағдайында жаттықтырушы-оқытушы мен дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби практикалық іс-әрекетін орындау. 100
4 Мәтінді техникалық түзету жоқ жоқ

Наличие лицензии по данной специальности: Бар

Руководитель: Кебиспаев Алмат Кабдрашевич

Исполнитель: Байгазиева Молдир Куатбековна
Сотовый телефон: 87073453355
Адрес электронной почты: shanyrakinternat@mail.ru