Нет данных
Нет данных
Нет данных
Нет данных
Лицензия_с_приложениями_объединено.pdf
Заявка на обновление образовательной программы
"Әділет колледжі" ЖШС направляет обновленную образовательную программу для размещения в Реестре технического и профессионального, послесреднего образования по специальности 04210100 Құқықтану, квалификации/ям, 4S04210101 Заңгер.
ID обновляемой ОП в Реестре: 15592 Реестр 2024
| № | Өзгерістер түрлері | ББ қолданыстағы редакциясы | ББ жаңартылған редакциясы | Өзгерістер пайызы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, кредиттердегі модульдің (пәннің) еңбек сыйымдылығының көлемін өзгерту | Пәндердің еңбек сыйымдылығы бұрын бекітілген білім беру бағдарламасына сәйкес бөлінген | Модульдер блогы бойынша кредиттердің жалпы саны сақтала отырып, жекелеген пәндердің еңбек сыйымдылығы қайта бөлінді және Қазақстан Республикасының МЖМБС талаптарына сәйкес оқыту нәтижелеріне қол жеткізу қамтамасыз етілді. | |
| 2 | Модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін өзгерту немесе қосу | Оқыту нәтижелері «Құқықтану» мамандығы бойынша базалық кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. | Оқыту нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді, кәсіби қызметке бағытталған даярлықты күшейтуді, заңгерлік қызметті цифрландыруды, ақпараттық-құқықтық жүйелерді, электрондық құжат айналымын енгізуді, цифрлық құқық пен жасанды интеллект технологияларын дамытуды, сондай-ақ «Адвокатура», «Отбасы құқығы» және «Цифрлық құқық және жасанды интеллект» пәндерін енгізуді ескере отырып өзектендірілді. Қазақстан Республикасының жаңа нормативтік құқықтық актілері қолданысқа енгізілді: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Цифрлық кодекс, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс. «Отбасы құқығы» пәнін енгізу неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеуді терең зерделеу қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылды, себебі некені қию және бұзу, баланың тұрғылықты жерін айқындау, алимент өндіріп алу, бала асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері заңгерлік тәжірибеде және сот дауларында жиі кездесетін санаттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, аталған пәнді енгізу «Құқықтану» мамандығы түлектерінің соттарда, әділет органдарында, заң қызметтерінде, адвокатурада, нотариатта және өзге де ұйымдарда кәсіби қызмет атқаратынына байланысты, мұнда отбасы заңнамасының нормаларын қолдану кәсіби қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. «Цифрлық құқық және жасанды интеллект» пәні Қазақстан Республикасының МЖМБС талаптарына, қоғам мен мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясының заманауи үрдістеріне, цифрлық экономиканың, цифрлық заңнаманың дамуына және жасанды интеллект технологияларын заңгерлік қызметке енгізуге сәйкес «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандарды даярлау мазмұнын өзектендіру мақсатында білім беру бағдарламасына енгізілді. Аталған пәнді енгізу заманауи цифрлық құзыреттерге ие, цифрлық құқықтық қатынастар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдана алатын, кәсіби қызмет барысында цифрлық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді пайдалана алатын, дербес деректерді қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және цифрлық сервистерді пайдалану кезінде заңнама талаптарын сақтайтын мамандарды даярлау қажеттілігімен байланысты. «Адвокатура» пәні «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылардың кәсіби даярлығын кеңейту және заң көмегін көрсету саласында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім беру бағдарламасына енгізілді. Аталған пәнді енгізу адвокат көмекшісінің біліктілік талаптарын белгілейтін кәсіби стандарттың болмауына байланысты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңына сәйкес адвокаттардың заң консультациясында, адвокаттық кеңседе немесе жеке дара адвокаттық қызметпен айналысатын адвокатта еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін көмекшілері болуы мүмкін. Бұл ретте заңнамада адвокат көмекшісінің жоғары заңгерлік білімінің болуы міндетті талап ретінде белгіленбеген. Жоғары заңгерлік білімнің болуы туралы талап тек адвокат тағылымдамашысы мен адвокатқа қойылады. Осы жағдай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін адвокат көмекшісі лауазымына әлеуетті кандидаттар ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқу білім алушыларда адвокаттық қызметті ұйымдастыру, заң көмегін көрсету қағидаттары, адвокаттың құқықтары мен міндеттері, адвокаттың азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу тәртібі туралы білімдерді қалыптастыруға, сондай-ақ процестік құжаттарды дайындау, сенім білдірушілермен өзара іс-қимыл жасау және кәсіби әдеп талаптарын сақтау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. «Кадрлық менеджмент» пәні өзектілігін жоғалтты, себебі оның мазмұны «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәнінің жекелеген бөлімдерін қайталайды. Осыған байланысты аталған пән білім беру бағдарламасынан алынып тасталды. | 25 |
| 3 | Құзыреттерді өзгерту | 12 кәсіби құзырет болды. | 8 кәсіби құзырет толықтырылды. Құзыреттер заңнаманы және сот практикасын талдау, заңды құжаттарды дайындау, ұйымдардың қызметін құқықтық сүйемелдеу, цифрлық технологияларды, электрондық құжат айналымын, ақпараттық-құқықтық жүйелерді пайдалану, дербес деректерді қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңгердің кәсіби қызметінде жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдыларымен өзектендіріліп, толықтырылды. | 25 |
| 4 | Мәтінді техникалық түзету | Өзгерістер енгізілгенге дейінгі білім беру бағдарламасының редакциясы. | Білім беру бағдарламасына техникалық түзетулер енгізілді: пәндердің атаулары өзектендірілді, оқыту нәтижелері мен құзыреттер нақтыланды, білім беру процесінің логикалық сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жекелеген пәндерді оқыту реті өзгертілді. Алдымен материалдық құқық саласындағы пәндер (азаматтық құқық, қылмыстық құқық), кейіннен оларға сәйкес процессуалдық құқық пәндері оқытылады. Таныстыру практикасының мазмұны жаңартылды, формулировкалар мен терминологиялар ҚР МЖМБС талаптарына сәйкестендірілді, редакциялық және техникалық қателер жойылды. |
Наличие лицензии по данной специальности: Бар
Руководитель: Мирманова Алия Мухановна
Исполнитель: Байсакова Маржан Серикболовна Сотовый телефон: 87026623274 Адрес электронной почты: hakam@list.ru