QR Code
Нет данных
Нет данных
Нет данных

Заявка на обновление образовательной программы

"Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі" МКҚК направляет обновленную образовательную программу для размещения в Реестре технического и профессионального, послесреднего образования по специальности 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша), квалификации/ям, 3W07140101 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь.

ID обновляемой ОП в Реестре: 19250

Өзгерістер түрлері ББ қолданыстағы редакциясы ББ жаңартылған редакциясы Өзгерістер пайызы
1 Оқыту нәтижелерін және модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша кредиттердің жалпы санын сақтай отырып, кредиттердегі модульдің (пәннің) еңбек сыйымдылығының көлемін өзгерту Жұмыс берушінің сұранысына сәйкес төиендегі кәсіби стандарттар алынып тасталды: 1. Релелік қорғаныс пен автоматика аппаратурасына және электр станциялары мен желілерінің қазіргі заманғы ұқсастықтарына қызмет көрсету және жөндеу. ҚР «Атамекен» ҰКП 07.08.2023 ж. № 125 бұйрығы., 2. Электр жабдықтарына қызмет көрсету, монтаждау және баптау. ҚР «Атамекен» ҰКП 07.08.2023 ж. № 125 бұйрығы, 3. Электр энергиясын беру және тарату қызметін метрологиялық қамтамасыз ету. ҚР «Атамекен» ҰКП 07.08.2023 ж. № 125 бұйрығы Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (2-шығарылым) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 30 бұйрығынан енгізілді: 1. 8-тарау. Слесарлық және слесарлық-құрастыру жұмыстары. Параграф 1-6. Автоматика құралдары мен технологиялық жабдық аспаптары жөніндегі электр механик, 3-8 разряд 2. Параграф 22-28. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі слесарь, 2- 8 разряд 3. Параграф 29-33. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы баптаушы, 4-8 pазpяд
2 Модульдер блогы (пәндер циклі) бойынша оқыту нәтижелерінің жалпы санынан оқыту нәтижелерін өзгерту немесе қосу 1) Берілген 4 кәсіби модуль атаулары 2 базалық модуль мен 3 кәсіби модульге ауыстырылды: КМ 1. Автоматтандырылған жүйе мен бақылау- өлшеу аспаптарын талдау Электротехниканың негізгі заңдары; электротехникалық материалдардың физика- химиялық қасиеттері; электр өлшеудің түрлері, қателіктері; техникалық қауіпсіздік шараларына сәйкес өндірістік бақылау-өлшеу аспаптарына метрологиялық талдау. ОН 1.1. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жүйелерінің тізбектерін меңгеру. ОН 1.2. Автоматика жүйелерінде қолданылатын материалдарды таңдау. ОН 1.3. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын технологиялық өлшеуді іске асыру. ОН 1.4. Техникалық қауіпсіздік шараларына сәйкес өндірістік бақылау-өлшеу аспаптарын метрологиялық талдау. КМ 2. Автоматтандыру жүйелерін монтаждауға арналған сұлбаларының шартты белгілерін құру Автоматтандыру сызбалардың тағайындалуы; автоматтандыру сұлбалары мен қолданыстағы электрлік сызбалардың элементтерін белгілеу; сызбалардың элементтерін шартты- графиктік және әріппен белгілеу; экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи талаптары; сызбаларды нормативті құжаттар талаптарына сәйкес рәсімдеу. ОН 2.1. Автоматтандыру жүйелерінің графикалық шартты белгілерін меңгеру. ОН 2.2. Әр түрлі деңгейдегі автоматтандыру аспаптарының сұлбаларын нормативті құжаттар талаптарына сәйкес рәсімдеу. ОН 2.3. Сұлбада техникалық сипаттамалардың позицияларын белгілеу. ОН 2.4. Автоматтандыру сұлбаларының алгоритмді бағдарламаларын жасақтау. КМ 3. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен бақылау- өлшеу аспаптарын монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру Автоматика аспаптарының түрлерін таңдау; аспаптарды тексеру, сынау; шеберханаларды техникалық қауіпсіздік талаптарға сай жабдықтау; автоматика жабдықтарын монтаждау; экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи талаптары негізінде техникалық құжаттама дайындау. ОН 3.1. Автоматика және бақылау- өлшеу аспаптарын монтаждауда қауіпсіздіктің заманауи талаптарының құжаттамаларын дайындау. ОН 3.2. Автоматтандырылған жүйе және бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау алдындағы сынақтан өткізу. ОН 3.3. Автоматтандырылған жүйе және бақылау-өлшеу аспаптарын оңтайлы пайдалану. ОН 3.4. Техникалық қауіпсіздік талаптары негізінде бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жабдықтарын монтаждау. КМ 4. Автоматтандыру жүйелерінің сұлбалары негізінде бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау Монтаждау жұмыстарын орындау үшін аспаптардың жұмысқа жарамдылығын тексеру; схемаларды техникалық талаптарға сәйкес сызу; аспаптардың деңгейіне сай монтаждау; әртүрлі деңгейдегі аспаптарды баптау; жұмыс күрделілігіне қарай қауіпсіздікті қамтамасыз ету. ОН 4.1. Монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс орнын ұйымдастыру. ОН 4.2. Орта және күрделі деңгейлі бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жүйелерінің электрлік және пневматикалық сұлбаларын құрастыру. ОН 4.3. Қауіпсіздік техникасының ережелеріне сәйкес автоматтандырылған жүйе және бақылау-өлшеу аспаптарын әр түрлі деңгейлік монтаждау. 4 кәсіби модуль 2 Базалық модуль, 3 Кәсіби модульға және оқыту нәтижелері төмендегі ретпен өзгертілді: БМ 1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін анықтау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы негізгі нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттар; қауіпті факторлардың санаттары; қауіпсіздік техникасы талаптары; МемСТ, ЭҚЕ және өзге де құжаттармен жұмыс; автоматтандырудағы тәуекелдерді талдау; техникалық құжаттама негізінде қауіпті учаскелерді анықтау; апаттардың алдын алу шаралары; нұсқамалар және персоналды даярлау; автоматтандырылған жабдықты қауіпсіз пайдалану; апаттық жағдайлардың бағдарламалық тренажерларымен жұмыс (Factory I/O, FluidSIM). ОН.1.1. Автоматтандырылған жүйелердің тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау. ОН 1.2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес автоматтандыру жүйелерінің элементтерін таңдау ОН 1.3. Тәуекелдерді және оларды жою әдістерін анықтау үшін автоматтандыру сұлбаларын талдау. ОН 1.4. Автоматтандырылған жүйелерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік құжаттары мен талаптарын сақтау. БМ 2. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты құрылғыларды пайдалану кезінде электротехника, электроника және метрология негіздерін қолдану. Электротехникалық материалдардың негізгі түрлері, олардың қасиеттері мен мақсаты; бақылау-өлшеу аспаптарында және автоматикада қолданылатын материалдардың электромеханикалық, жылу, физика-химиялық қасиеттері; тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерінде болатын негізгі физикалық заңдар мен процестер, электромагниттік индукция құбылыстары, тізбектердегі резонанстық құбылыстар; электрлік және электрондық компоненттердің сипаттамаларын анықтау; логикалық элементтер мен микропроцессорлық техника құрылғыларының жұмыс принциптері; метрология негіздері, өлшем бірліктері, қателіктер, өлшеу құралдарын калибрлеу және тексеру негіздері; электр шамаларын өлшеу әдістері мен құралдары; бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, сынау және пайдалану қағидалары; электроника, микроэлектроника және микропроцессорлық техника саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі; автоматтандыру жүйелерін өлшеу және баптау кезіндегі дәлдік, сенімділік және қауіпсіздік түрлері. ОН 2.1. Тұрақты және айнымалы токтың электр тізбектерін талдау және қызмет көрсету кезінде электротехниканың негізгі заңдарын қолдану. ОН 2.2. Автоматты және өлшеу құрылғыларының құрамындағы негізгі электрондық компоненттердің мақсаты мен параметрлерін анықтау. ОН 2.3. Өлшеу жүргізу және олардың дәлдігін бағалау кезінде негізгі метрологиялық ұғымдар мен талаптарды қолдану. ОН 2.4. Автоматтандыру жүйелерін өлшеу және баптау кезінде дәлдікті, сенімділікті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. КМ 1. Автоматтандыру жүйелері мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптерін меңгеру Технологиялық процестерді автоматтандыруға кіріспе: мақсаты және жіктелуі технологиялық процестерді автоматтандыру, құрылымдық және функционалдық сұлбалардың элементтері; автоматтандырудың рөлі, басқару деңгейлері, салалық қолдану мысалдары; технологиялық процестерді автоматтандыру элементтері: датчиктер: түрлері, мақсаты, әрекет ету принциптері (температура, қысым, деңгей, ағын); атқарушы механизмдер (электромагниттік клапандар, сервомоторлар, пневможетектер); контроллерлер (бағдарламаланатын логикалық контроллер): функциялары, құрылымы, қосылу тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптары: жіктелуі; өлшенетін шамалар бойынша бақылау-өлшеу аспаптары; аналогтық және цифрлық аспаптардың жұмыс істеу принципі; бақылау-өлшеу аспаптарының сигналдары мен интерфейстері (4-20 мА, 0-10 В, Modbus және т.б.); автоматтандырудың типтік сұлбаларының жұмыс принципі: функционалды, принципті, басқару сұлбалары (датчик – бағдарламаланатын логикалық контроллер – орындаушы); сигналдық және басқару тізбектері; сұлбаларды оңайлатылған оқу; автоматтандыруда цифрлық технологиялар мен IoT-қа кіріспе; салалық шешімдердің мысалдары (мұнай, газ, энергетика және т.б.); қарапайым автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмысын көрсету үшін симуляторлармен жұмыс (Factory I/O, FluidSIM). ОН 1.1. Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің мақсаты мен құрылымын түсіну. ОН 1.2 Автоматтандырудың негізгі элементтерін және олардың функцияларын бөлу. ОН 1.3. Бақылау-өлшеу аспаптарын өлшенетін шамалардың түріне қарай жіктеу. ОН 1.4. Қарапайым технологиялық процестерді автоматтандыру сұлбаларын талдау. ОН 1.5. Автоматтандыру жүйелерінде цифрлық технологиялар мен IoT қолдану мүмкіндіктерін бағалау. КМ 2. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарын монтаждауды және тексеруді орындау Бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) және автоматтандыру құралдарын монтаждаудың, қосудың, баптаудың және олардың жұмысын тексерудің практикалық негіздері; монтаждау сұлбаларының түрлері, қосылу тәсілдері, қосқыштар мен кабельдік трассалардың түрлері, сымдарды төсеу мен таңбалауға қойылатын талаптар, сондай-ақ электр қауіпсіздігі және техникалық құжаттама нормаларын сақтау; датчиктердің, атқару тетіктері мен БЛК-нің жұмыс қабілеттілігін тексеру, жүйелерді тестілеу кезінде бақылау-өлшеу аспаптары, аспаптармен қауіпсіз жұмыс істеу дағдылары; монтаждау жұмыстарының негіздері, автоматтандыру құралдарын монтаждауға қойылатын талаптар; жабдықты баптау және типтік әдістер мен стандарттарын пайдалана отырып, автоматтандырылған жүйелердің дұрыс жұмыс істеуін бақылау ережелері; монтаждауға және тексеруге арналған құралдар мен құрылғылар; БӨА тексеру және тестілеу әдістері ОН.2.1. Монтаждау жұмыстарын жүргізер алдында техникалық құжаттаманы оқу ОН. 2.2. Бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау үшін жабдықтарды, құралдар мен материалдарды таңдау ОН 2.3. Бақылау-өлшеу аспаптарын сұлбалар бойынша монтаждауды және қосуды орындау. ОН 2.4. Монтаждан кейін бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. ОН 2.5. Өлшеу тізбектерін тексеру кезінде ақаулардың себептерін талдау ОН 2.6. Нормативтерге сәйкес монтаждау және тексеру жұмыстарының нәтижелерін ресімдеу. КМ 3. Бақылау және өлшеу құралдарына диагностика және техникалық қызмет көрсетуді жүргізу Техникалық диагностика және бақылау негіздері; өндірістегі техникалық бақылау түрлері мен ерекшеліктері; техникалық жағдайдың түрлері; бақылау мен диагностиканың өзара байланысы; бұзбайтын бақылау түрлері мен әдістері; бұзбайтын бақылау әдістерінің жіктелуі; бұзбайтын бақылау сипаттамалары; ақаулардың негізгі түрлері; объектілер мен олардың ақаулары; техникалық жүйелердің сенімділік сипаттамалары; сенімділік параметрлері мен статистикалық көрсеткіштері; техникалық диагностика әдіснамасы; техникалық жай-күй параметрлері мен сипаттамалары; диагностикалық белгілер; диагностикалау міндетінің тұжырымы; техникалық диагностикалаудың функционалдық сұлбасы; диагностикалау әдістері. ОН.3.1. Қызмет көрсету алдында бақылау және өлшеу құралдарына техникалық құжаттамамен танысу. ОН.3.2. Бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысындағы ақаулардың белгілерін анықтау ОН 3.3. Бақылау және өлшеу құралдарының жай-күйіне диагностика жүргізу үшін бағдарламалық жабдықты қолдану ОН.3.4 Нұсқаулықтар мен нормативтік талаптарға сәйкес аспаптарға техникалық қызмет көрсетуді және калибрлеуді орындау ОН 3.5. Диагностика нәтижелері бойынша ақаулардың себептерін талдау ОН 3.6. Диагностиканың нәтижелері бойынша техникалық құжаттаманы рәсімдеу 75
3 Құзыреттерді өзгерту 1. ЖБП, ЖММ бойынша Қ 1- Қ7 басқасы толық өзгертілді. 2. Кәсіптік 4 құзірет атауы ауыстырылды : Қ 8. Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және нормативтік-техникалық актілер туралы білімді қолдану. Қ 9. Автоматтандырылған жүйе мен бақылау-өлшеу аспаптарын талдау. Қ 10. Автоматтандыру жүйелерін монтаждауға арналған сұлбаларының шартты белгілерін оқу және құру. Қ 11. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру. Кәсіптік 5 құзірет болып өзгертілді: Қ 8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін анықтау. Қ 9. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты құрылғыларды пайдалану кезінде электротехника, электроника және метрология негіздерін қолдану. Қ 10. Автоматтандыру жүйелері мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптерін меңгеру. Қ 11. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматтандыру құралдарын монтаждауды және тексеруді жүзеге асыру. Қ 12. Бақылау және өлшеу құралдарына диагностика және техникалық қызмет көрсету. 75
4 Мәтінді техникалық түзету Әзірлеуші-серіктес (жұмыс беруші) «Ақ Бекет» ЖШС. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жүйелеріне қызмет көрсету, реттеу, сынау, апаттық жағдайларды алдын-алу, ақауларды анықтау және жою жұмыстарын жүзеге асыратын мамандарды даярлау. Әзірлеуші-серіктес (жұмыс беруші) «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК ауыстырылды. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелері мен бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау, баптау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын мамандарды даярлау.

Наличие лицензии по данной специальности: Бар

Руководитель: Жумағали А.К.

Исполнитель: Жаңаберген С.К.
Сотовый телефон: +77015597679
Адрес электронной почты: post.mek@mail.ru